Елімізде бір тәулікте 50 адамда індет анықталды
Жарияланды
Бес адамнан пневмония анықталды
Қазақстанда соңғы тәулікте 50 адам коронавирус жұқтырды. Бес адамнан пневмония анықталды.
Елімізде індет басталғалы 1 394 186 адам коронавирус инфекциясын, 90 114 адам коронавирустық пневмонияны жұқтырған.
Өткен тәулікте жаңа өлім тіркелген жоқ.
14 қазандағы жағдай бойынша 1008 адам (866+ және 142 CVI-) СВИ бойынша ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 110 науқас стационарда, 898 науқас амбулаторлық емделуде. 2 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында.