Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар саны бір жылда 17% өсті
Биылғы қаңтаршілде айларында республикада 7,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,5% артық. Бұл туралы finprom.kz мәлімдеді.
Көбіне жазатайым оқиғалар Алматыда болды: 2,2 мың ЖКО, былтырғыдан 8,1% көп. Одан кейін Алматы облысы (1,2 мың ЖКО, 5,9% азайған) және Жамбыл облысы (853 ЖКО, 48,1% көбейген).
Ең аз ЖКО Батыс Қазақстан облысында болды: 164 жағдай, 1,2% көбейген.
Биыл ЖКО санының артуы 12 облыста байқалса, бір өңірде — Шымкентте оның саны бұрынғы деңгейде қалды, қалғандарында төмендеу тіркелді.
2022 жылғы қаңтар–шілдеде ЖКО салдарынан 11,6 мың адам зардап шекті, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,8% артық. Олардың ішінде жараланғандар саны 9% өсіп, 10,4 мың адамға жетті, олардың 5,8 мыңы ерлер, 4,6 мыңы әйелдер. Жараланғандардың 2,2 мыңы кәмелетке толмағандар болды, бұл 2021 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда бірден 19,5% көп. 5 мың адам ауруханаға жатқызылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18% жоғары.
Жыл басынан бері жол апатынан 1,2 мың адам қаза тапты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,4% артық. Қайтыс болғандардың арасында 874 ер адам және 320 әйел бар. 113 жол-көлік оқиғасының құрбаны кәмелетке толмағандар болды, бұл 2021 жылдың қаңтар–шілде айларымен салыстырғанда 27% көп.
Өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің ең көп саны Алматы (2,6 мың), сондай-ақ Алматы облысы (2 мың) мен Жамбыл (1,5 мың) облыстарында тіркелді.
Биылғы бірінші тоқсанын қорытындысы бойынша, ҚР-да белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 1,1 млн адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,3% артық.
Сондай-ақ, қазақстандықтар жол белгілерінде немесе жол сызбаларында белгіленген талаптарды (566,6 мың адам тартылған, бір жыл бұрынғыдан 24,7% аз) және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары (144,1 мың адам, 7% көп) жол қозғалысы ережелерін бұзған.