Қырғызстан көмір экспортына тыйым салмақ
Жарияланды
Тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу үшін
Қырғызстанда дүйсенбіден бастап көмірді республикадан тыс жерлерге шығаруға тыйым салу туралы бұйрық шығады. Бұл туралы Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаңтар-қыркүйек айларында 478 млн 408 мың сомға 178 мың 264 тонна көмір экспортталған. Тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу үшін экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылданды.
«Біз бағаның өсуін үнемі қадағалап отырамыз. Кім 4000 сомнан жоғары сатса, оны тәркілеп, көлікке тиеуге тыйым саламыз. Алыпсатарлықпен тек саудагерлер ғана айналысады. Бағасы 4 мың болса да, пайда көреді. Біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Жалғыз мәселе – баға, оны ұстап тұру керек», – деп түйіндеді министр.