Елімізде балық бір жылда 15% қымбаттады
Биылғы қаңтар–тамыз айларында елімізде жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірісі 15,5% өсіп 30,9 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
2022 жылдың 8 айында ҚР-да небәрі 6,6 мың тонна басқа әдіспен дайындалған немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 29,7% аз. Осы сегменттегі шығарылған өнімнің үштен бірінен астамы Түркістан облысының үлесіне тиді: 2,4 мың тонна, көрсеткіш былтырғыдан 43,9% көп. Үздік үштікке сондай-ақ Батыс Қазақстан (1,8 мың тонна, 8,5% азайған) және Шығыс Қазақстан (561 тонна, 21,3% азайған) облыстары кірді.
Биылғы қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1% қамтамасыз етті. Елге 28,7 мың тонна өнім импортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8% көп. Ал өндіріс 1,9% өсіп 32,5 мың тоннаға жетті.
Бұл ретте қолда бар ресурстардың 20,4% шетелге экспортталды: 12,4 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 9,3% артық.
Ішкі нарықта сату 48,7 мың тоннаны құрады. Көрсеткіш былтырдан бері өзгеріссіз.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, жаңа піскен немесе салқындатылған балық бір жылда 15%, мұздатылған — 15,1%, қабығы аршылған мұздатылған асшаян — 26,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша жаңа піскен немесе салқындатылған балық бағасы ең көп Павлодар (44,7%), Қостанай (24,7%) және Маңғыстау (24%) облыстарында байқалды.
Мұздатылған балықтың бағасы Маңғыстау (43,4%), Жетісу (35,2%) және Атырау (29,6%) облыстарында айтарлықтай өсті.
Аршылған мұздатылған асшаян негізінен Маңғыстау (2,5 есе), Ақтөбе (49,4%) және Ақмола (36,4%) облыстарында өсті.
Балық өнімдерінің ішінде бір жылда тұздалған майшабақ 34,2%, балық консервілері — 29,6%, майлы шпрот — 24,9%, салқын ысталған скумбрия — 23,8%, тұздалған деликатес балық — 22,2%, қызыл уылдырық — 21,2% қымбаттады.