Жаңалықтар

Жарнама және маркетинг саласы құлдырады: қызмет көрсету мен жалақы азайды

Онымен қоса сектордағы жалақы ҚР бойынша орташа жалақыдан аз

Жарнамалық қызмет және нарықты зерттеу саласындағы қызметтердің көлемі биылғы бірінші жартыжылдықта экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алғанда 136,63 млрд теңгені құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда ақшалай түрде 11,2% аз (ФКИ 82,1%). Бұл туралы Finprom.kz мәлімдеді.

Экономиканың бақыланбайтын секторын есептемегенде қызмет көрсету көлемі 136,61 млрд теңгені құрады, бұл да 2021 жылғы қаңтар–маусыммен салыстырғанда ақшалай түрде 11,2% аз. Анықтама үшін: бір жыл бұрын сектордағы қызмет көрсету көлемі 62% өскен.

Өңірлер бойынша жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтердің 74,6%-ы қаржы орталығы Алматы қаласында шоғырланған (101,9 млрд теңге). Сондай-ақ айтарлықтай көлем Астана (15,6 млрд теңге) мен Қарағанды облысында (6,8 млрд теңге).

022 жылғы қаңтар–маусымдағы жарнама және нарықты зерттеу саласындағы қызметтер көлемінің 97,3%-ын шағын кәсіпорындар (102,4 млрд теңге) және жеке кәсіпкерлер (30,5 млрд теңге) көрсетті.

Орта және ірі кәсіпорындар қызметі сәйкесінше 1,6 млрд және 2,1 млрд теңгені ғана құрады.

Қызмет көрсету құрылымында жарнама агенттіктерінің қызметі 112,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 20,9% аз.

Нарықты зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу саласындағы қызметтердің көлемі 19,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,4 есе артық. БАҚ-тағы жарнама 4,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,6% артық.

Жарнама және нарықты зерттеу саласындағы орташа айлық жалақы биылғы бірінші жартыжылдықта 258,7 мың теңгені құрады, бұл бүкіл ҚР бойынша орташа жалақыдан (298,6 мың теңге) төмен.

Салада жалақының сатып алу қабілеті 6,1% төмендесе, бүкіл Қазақстан бойынша 10,9% өсті.