Қазақстан мен Өзбекстан арасындаға тауар айналымы 27%-ға өсті

Жарияланды
 Экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт –17,4%-ға өсті

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады.Бұл туралы atameken.kz мәлімдеді.

2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде  экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт –17,4%-ға өсті.

 Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік бойынша үшінші (ҚХР және РФ кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы 8,9%. Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақстаннан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұқымы, қара және түсті металл, бейорганикалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.

Өзбекстанна Қазақстанға энерготасымалдауыш құралдар, автомашиналар, мақта талшығы, химиялық өнімдер мен пластмасса, тыңайтқыштар мен азық-түлік өнімдері келеді.

Сондай-ақ оқыңыз