Биыл елімізде сыра рекордтық деңгейге қымбаттады
Биылғы қаңтар–тамыз айларында сыра өндірісі 481,4 млн литрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2% аз. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеді.
Бұған дейін тиісті кезеңде алты жыл қатарынан өндіріс көбейген еді.
Отандық сыра қайнатушылар 2022 жылдың қаңтар–шілде айларында сыраға сұранысты (ішкі нарықта сату мен экспорт) 91% жапты, бұл өткен жылмен шамалас. Сәйкес кезеңдегі өндіріс 6% азайып, 409 млн литрге дейін төмендесе, импорт керісінше 3,4%, 40,5 млн литрге ғана өсті.
2022 жылғы қаңтар–шілдеде ҚР-дан сыра экспорты 12,7% төмендеп, 8,7 млн литрді құрады. Ішкі нарықта сату 5,1% төмендеп, 440,8 млн литрді құрады.
2022 жылдың қыркүйек айының соңында сыра өткен аймен салыстырғанда 1,5% қымбаттады, бұл бір айдағы ең қатты өсімнің бірі. Жалпы, биыл осындай қымбатшылық болып тұр. Мысалы, наурызда сыра бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда рекордтық 4,6% қымбаттаса, мамырда 3,3%, сәуірде 2,6%, маусымда 2,3% қымбаттаған.
2022 жылы сектордағы орташа айлық өсім 2,2%-ды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (айына орта есеппен 0,6%) және өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Салыстыру үшін: 2011 жылдан 2021 жылға дейін сыра бағасының орташа айлық өсімі небәрі 0,5%-ды құрады.
Жыл басынан бері сыра рекордтық 21,2%, ал бір жыл ішінде, яғни 2021 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,4% қымбаттады.
Өңірлер бойынша жыл басынан бері сыраның бағасы ең көп өскен Шығыс Қазақстан облысын (30%), Астана (29,2%) және Түркістан облысында (28,9%). Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда бағаның айтарлықтай өсуі Астанада (32,5%), Шығыс Қазақстанда (31,7%) және Түркістан (29,1%) облыстарында байқалды.