Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Президент осы аймақты дамытудың басым бағыттарын айқындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президенттің айтуынша, Алматы облысын басым 6 бағыт бойынша дамыту қажет:
БІРІНШІ. Теңдестірілген территориялық даму.
ЕКІНШІ. Білім беру және медицина инфрақұрылымын дамыту.
ҮШІНШІ. Өңдеу өнеркәсібін дамыту.
ТӨРТІНШІ. Көлік жүйесін және энергетика саласын дамыту.
БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту.
АЛТЫНШЫ. Туризм саласын дамыту.