Жыл басынан бері Қазақстанда жалпы ауданы 12 316,3 мың м2 болатын 31 мыңнан астам нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 3 989,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға артық.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің ішінде жеке құрылыс ұйымдары – 83,8%, шетелдік – 16,1% және мемлекеттік – 0,1% ұйымдар орындаған.
Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы республиканың 17 өңірінде байқалды.
Ең жоғары өсім:
Шымкент қаласы – 39,7%-ға
Қызылорда облысы – 35,1%-ға
Ақмола облысы – 26,9%-ға
Алматы облысы – 14,5%-ға
Құрылыс жұмыстары көлемінің азаюы:
Қарағанды облысы – 10,7%-ға
Абай облысы – 23%-ға
Маңғыстау облысы – 34,7%-ға
Пайдалануға берілген нысандардың 90,8 пайызы тұрғын үй секторына тиесілі, бұл 28 мыңнан астам тұрғын үй нысаны.
Сондай кейін магистральдық және жергілікті құбырлар, байланыс желілері, энергетикалық желілер, қосалқы нысандар – 1169, сауда нысандары үшінші орында, жыл басынан бері 513 нысан пайдалануға берілді. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылдың 9 айында 38 жалпы білім беретін мектеп, 24 мектепке дейінгі ұйым, 3 аурухана, сондай-ақ 6 амбулаториялық емхана іске қосылды