Алматыда Бостандық ауданындағы коммуналдық желілерінің жартысынан көбі тозған

Жарияланды
Мәселені шешу үшін не істелуде?

Инженерлік желілердің жоғары деңгейде тозуы аудандағы негізгі мәселенің бірі, ол 55%-дан асады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Жыл басынан бері инженерлік желілерде 671 апат болды. Орбита, Алмагүл шағын аудандарында, Жароков – Сәтбаев – Назарбаев – Әл-Фараби, Розыбакиев – Мыңбаев – Тілендиев – Тимирязев көшелерінің бөлігінде және Ерменсай шағын ауданында сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша апаттар жиі болып тұрады.

Мәселені шешу үшін не істелуде?

Қыркүйек айында Ерғожин, Ганди көшелеріндегі, «Орбита-4» шағын ауданында ұзындығы 1,6 км жылу желілері қайта жаңартылды. Бұл 546 көпқабатты тұрғын үйге, 20 білім беру мекемесіне және 12 денсаулық сақтау нысанына үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етеді.

Желтоқсан айында «Алмагүл» қосалқы станциясы үшін 4,8 км электрмен қамту кабельдік желісінің құрылысы аяқталады. Қазір шамамен 3 км тартылды. Бұл 200 мың тұтынушыға және 11 білім беру нысанын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етеді.

Тамыз айында «Свежесть» бау-бақша серіктестігінің 1,1 км электр желісі мен трансформаторлық қосалқы станциясы «АЖК» АҚ балансына берілді, сонымен қатар «Комфорт Сити» ТК инженерлік желілер тартылған соң Қожабеков көшесіндегі асфальт жабыны қалпына келтірілді.

Қыркүйек айында 83 көшеге 751 тірек орнатылып, ұзындығы 22,5 км көше жарығын жүргізу басталды, бұл жұмыс желтоқсанда аяқталады. 7 көшедегі жарықты жаңарту жұмыстары жүргізілуде, ол желтоқсан айында бітеді.

Сондай-ақ оқыңыз