ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры Дамиля Кұнанова атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, қазіргі кездегі түйткілді мәселелердің бірі Алакөл көліне көлікпен қолжетімділікті қамтамасыз ету екенін айтты. Бұл туралы аtameken.kz сайты хабарлады.
«Теміржол оның сапасы мен пойыздың құрамына қатысты мәселе пысықталуда. Дегенмен, жолаушылар ағыны жыл сайын артып келеді. 2022 жылы жолаушылар ағынының көлемі 33,5%-ға ұлғайды, 243 мың жолаушы тасымалданды. Алғаш рет Алматы-Достық бағыты бойынша «Тұлпар Тальго» класындағы пойыз іске қосылды. Әуе қатынас үлгісі бойынша ҚТЖ туроператорлар үшін ерте брондау механизмін іске қосты»,-деді Дамиля Кұнанова.
Биыл ҰКП және Комитетпен үлкен жұмыс атқарылды. Елге кіруді шектеу мәселелері шешілді, сонымен қатар визалық мәселелерді жедел шешеміз, ҚТЖ-мен келіссөзер нәтижесінде мәселелердің біразын шештік. Келу туризмінің операторлары үшін субсидиялар мәселесі жұмыс істемейді, өйткені біздің ерекшелігімізді ескермейтін ережелер қабылданған. Сондай-ақ, біздің мемлекеттік құрылымдармен байланыс орнатқымыз келеді. Бізге пойыздардың құрамын жаңарту өте маңызды, ҚТЖ тарапынан туристік өнімдер жетіспейді», – деп атап өтті «SkyWay» туроператорлық компаниясының директоры Әсем Қозбағарова.
Спикер сондай-ақ «жанды сабақтар» жобасының тиімділігін атап өтіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігін тарта отырып, барлық мектеп үшін ауқымды және тиімді бағдарлама жасауды ұсынды. Оның айтуынша, 2022 жылы «жанды сабақтар» 3,8 мың баланы қамтыды, еліміздің 4 өңірінде 1,80 мың баланы қамтитын экскурсиялар өткізілді.