Жаңалықтар

Алексей Навальныйға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды

Оған қарсы экстремистік қоғамдастық құру бойынша қылмыстық іс қозғалды

Оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы саясаткердің өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында хабарлады.

Оппозиция жетекшісінің айтуынша, ол түрмеде отырған кезінде «терроризмді насихаттап, экстремизмге ашық түрде шақырды, экстремистік әрекеттерді қаржыландырды» деген фактілерге байланысты өзіне қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғаны туралы ресми хабарлама алған.

Қазіргі уақытта Алексей Навальный Владимир облысының Мелехово қаласындағы No6 колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралғаннан кейін бірден бас бостандығынан айырылды.