Елімізде пияз бағасы 2,6%-ға арзандады
Жарияланды
Ал жұмыртқа бағасы керісінше, 1,9%-ға қымбаттады
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан 0,5%-ға, жыласынан бері 20,1%-ға өсті. Жылдық мәнде олар 19,6%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыздық тармаққа жоғары. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.
Өткен апта ішінде арзандады:
Пияз – 2,6%
Сәбіз – 1,7%
Картоп – 0,9%
Өткен апта ішінде қымбаттады:
Жұмыртқа, І категория – 1,9%
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 18 қазанға/: Қарақұмық – 524 тг/кг Картоп – 152 тг/кг Айран, 2,5% – 345 тг/л
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді