Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарына гранттар ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу жүретінін хабарлайды.
Зерттеу гранттарынан үмітті ізденушілерді конкурстық іріктеу екі тақырып бойынша өтеді:
- Туынды қаржы құралдарының нарығы: кедергілер мен дамыту бойынша шаралар;
- Кепілді кредиторлардың құқықтары: Қазақстан практикасы мен халықаралық тәжірибе.
Конкурстық іріктеуге заңды тұлғалардан:
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және (немесе) өңдеу ісіне байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ізденушілер;
– таратылу алдында тұрған немесе банкроттық процесте жоқ заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) қатыса алады.
Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеудегі талаптар, Ұлттық Банк бөлімшелерінің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.
Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінімдер электрондық үлгіде Ұлттық Банк Порталы арқылы беріледі.
Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2022 жылғы 22 қазан.
Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 5 желтоқсан.
Грант беру туралы шешімді Грант ұсынушы комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Іріктеу жұмыстарының объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындыларына сай қарастырылады. Өтінімдер қаралып болғаннан кейін Ұлттық Банк зерттеудің бір тақырыбына бірнеше грант беруге немесе кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы.