ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне ұстап беруге келісті
Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері Басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның шеңберінде мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР СЖҚІА хабарлады.
Бұл құжат 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциясына және жоғары деңгейде қол қою туралы келісті. Келісімнің қолданылуы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:
сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.