Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан 0,6%-ға, жыл басынан бері 20,3%-ға өсті. Жылдық мәнде олар 19,7%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайыздық тармаққа жоғары. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өткен апта ішінде арзандады:
Сәбіз – 0,9%
Картоп – 0,4%
Қарақұмық – 0,2%
Өткен апта ішінде қымбаттады:
Жұмыртқа, І санат – 1,6%
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы
2022 жылғы 26 қазанға:
Рожки – 293 тг/кг
Сүзбе – 1839 тг/кг
Қырыққабат – 96 тг/кг
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді