Петропавлда жалған банк қызметкерлері әйелді 8,5 млн теңгеге алдап кеткен

Жарияланды
Алданған әйел 6 банктен несие алған

Петропавл тұрғыны өздерін банк қызметкерімін деп таныстырған телефон алаяқтарының алданып 6 банктен несие алған, – деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.

Келтірілген шығын көлемі 8,5 млн теңгені құрады.

Алаяқтар әйелге оның атына несие рәсімделгелі жатқанын айтқан. Әйел алаяқтардың айтқанын мүлтіксіз орындап, алты банктен несие рәсімдеген.

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында аталған қылмысқа қатысы бар 2 азамат анықталды. Олар 4 және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз