Әлем бейбітшілікті сақтау үшін АҚШ пен Қытай тату болуы керек. Осылай деп жарияға жар салған Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-ты ынтымақтастық пен байланысты кеңейтуге шақырды, – деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.
«Дүниежүзіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін екі ел бір-бірімен тіл табысудың жолдарын табуы керек. Бүгінгі күні бейбітшілік пен тыныштықтың бұзылғаны бәрімізге аян. Сондықтан АҚШ пен Қытай бірге халықаралық тұрақтылыққа ықпал етуі керек», – делінген Қытай басшысының жолдауында.
ҚХР төрағасы оның елі «екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беретін жолдарды іздеуде өзара құрмет пен бейбіт қатар жүрген жағдайда АҚШ-пен ынтымақтасуға» дайын екенін атап өтті.
Айта кету керек, соңғы уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас Тайвань мәртебесін анықтауда қатты шиеленісіп кеткен еді.