Қала тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, ол белгісіз ер адаммен танысып, оған қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген. Бұл туралы Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі хабарлады.
Сенгіш, астаналық бейтаныс адамға 160 мың теңге берген. Алайда уәде алты айға созылған. Жәбірленуші ақша да, құжатта алмағаннан кейін ол полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер алаяқтыққа қатысы бар Ақмола облысының 38 жастағы тұрғынын ұстады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.