Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөлікті экспорттау 2 еседен асты. Оның көбі Қазақстанға келеді екен. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Былтырғымен салыстырғанда, қазақстандықтардың Грузиядан сатып алған көліктерінің саны артқан. Бұл кейінгі 10 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Жалпы биыл Грузия автокөлік экспортынан 590 миллион доллар табыс тапқан.
« Бұрындары Орталық Азияға айына 200 көлік сатылатын. Қазір бұл көрсеткіш бір жарым мыңға жетті. Кері экспорт бойынша биылғы көрсеткіштер былтырмен салыстырғандай, айтарлықтай артқан»,-деді автонарық маркетингі мен жарнамасының директоры Стелла Камандарова.