Жаңалықтар

Райымбек Баталов: Экспорттың арттуына көлік тапшылығы кедергі

Ол еліміздегі экспортты тежейтін негізгі факторларды атады

Райымбек Баталов Қазақстандағы экспортты тежейтін негізгі факторларды атады. «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының айтуынша, қазіргі кезде отандық тауарларды шетелге шығаруға операциялық және іргелі факторлар әсер етеді. Бұл туралы atameken.kz хабарлады.

Операциялық факторларға логистика, көлік тапшылығына байланысты мәселелер жатады. Іргелі факторлар қатарында тауардың өзіндік құнына байланысты мәселелер – шикізат, өнімділік, жабдық, адами капитал мәселелері бар.

          Қазақстандық өндірушілер экспорттауда тасымалдау проблемасына жиі тап болады.

Қазіргі кезде экспорттық маршруттық бағыттардағы жылдамдық тәулігіне 200 км-ден аспайды. Ал қалыпты норматив – 550 км.  Демек, жылдамдық екі есе аз. Тиісінше, вагондардың айналымы төмендеп, нәтижесінде вагондар тапшылығы туындайды.

 «Жүктерді Қытайдан Еуропа мен Ресейге транзитпен тасымалдауға басымдық беріледі, бұл жайт отандық тауар өндірушілерді тең емес жағдайға қояды (транзитке тариф экспорттық тарифтен 2,5 есе жоғары). Бұл өзекті мәселе. Сондықтан экспорттаушылар үшін тасымалдауға қатысты мәселелер бірінші кезектегі түйткіл. Осы ретте квазимемлекеттік сектордың экономикалық мүддесі отандық кәсіпкерлерге зиян тигізбеуі тиіс», – деп санайды Райымбек Баталов.