Жаңалықтар

Қазақстандықтар 2023 жылы Астана күнінде төрт күн демалады

Үкімет қаулы жобасын дайындады

Қазақстанда «Демалыс күндерін 2023 жылға ауыстыру туралы» үкімет қаулысының жобасы дайындалды. Жобаның мәтіні Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Жобаға сәйкес, келесі жылдың шілдесінде қазақстандықтар төрт күн демалады – 6, 7, 8 және 9 шілдеде.

Демалысты ауыстыру мереке және демалыс күндерінде ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
Қаулы жобасына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды. 15 қарашаға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылды.