Жаңалықтар

Танзания халқы 10 жылда 40%-ға өсті

Африка елінің халқы 2012 жылы 44,9 миллион адамды құраса, 2022 жылға қарай 61,7 миллионға жетті

Танзания халқы соңғы 10 жылда шамамен 40 пайызға өсті. Оған санақ қорытындысы дәлел. Буралы Анадолу сайты хабарлады.

Егер 2012 жылы Африка елінің халқы 44,9 миллион адамды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 61,7 миллион адамға жеткен.

Танзания халқының 51 пайызын әйелдер құрайды.

Танзанияның экономикалық астанасы Дар-эс-Салама халқының саны 5,4 миллион адамға жетті.

Занзибар аралдарының халқы 1,9 миллион адамды, Додома астанасы – 3,1 миллион адамды құрады.

БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем халқының төрттен бірі Африка құрлығында өмір сүреді.