Жаһандық жылынудан 2050 жылға қарай әлемдегі танымал мұздықтардың үштен бір бөлігі еріп кетуі мүмкін.
Мәселені, зерттеп тексерген ЮНЕСКО мамандары осылай деп дабыл қағып жатыр. Тізімде Танзаниядағы Килиманджаро тауы, АҚШ парктеріндегі мұздықтар бар. Бірақ сарапшылар температураның көтерілуін 1,5 градусқа төмендетуге қол жеткізсек, олардың жартысын сақтап қалуға болады дейді. Жаһанда жыл сайын Дүниежүзілік мұра қатарына енгізілген мұздықтардың 58 миллиард тоннасы еріп кетеді екен. Бұл Франция мен Испанияның жыл сайын пайдаланатын, су қорына пара-пар.
Талес Карвалью, зерттеуші: – Біз мұздықтардың еруіне қарсы тұру үшін ең алдымен ауаға шығарылатын зиянды қалдықтарды, әсіресе көміртекті азайтуымыз керек. Бұл үшін қазіргі өзерістерге тез бейімделіп, ауқымды шаралар қабылдау қажет– дейді.