Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ апаты болды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Салдарынан 4 жұмысшы қаза тапты. Бір адамға іздеу салынды. Тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.
Сондай-ақ, алдын ала ақпарат бойынша 106 қызметкер эвакуацияланды. Апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылды.
Енді тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері анықталады.