Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы әрекет етпесе, экономикасының өсімі төмендеуі мүмкін

Жарияланды
Дүниежүзілік банк осындай болжам жасап отыр

Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы әрекет еткенде ғана экономикасын әртараптандырып, мұнайға тәуелділікті азайта алады. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, еш әрекет істемеу қымбатқа түсуі мүмкін. Климаттық факторлармен байланысты соққылар 2050 жылы Қазақстан экономикасының 1,6%-ға қысқарып, кедейлік деңгейінің 3%-ға артуы мен нақты еңбекақының 2,1%-ға төмендеуіне әкеп соғуы ықтимал.

Егер Қазақстан көміртектен бас тарту үрдісінен сырт қалса, жылдық өсу қарқыны 2-2,5%-ға ұзақ уақытқа төмендеуі мүмкін.

Дүниежүзілік банктің Қазақтан үшін жасалған «Климат және даму туралы елдік баяндамасы» (КДЕБ) қорытындысына сәйкес неғұрлым тұрақты экономикаға көшу ықтимал үш жаңа бағытқа жол ашады:

  1. энерготиімділік пен экологиялық таза қуат өндірісін жоғарылату;
  2. төмен көмірсутекті экономикаға жаһандық көшу үшін өте маңызды минералды шикізат өндіру;
  3. уақыт өкен сайын «жасылданып» келе жатқан жаһандық өндіріс және сату тізбектеріне көбірек қатысу.

«Алға қойылған мақсатқа жету үшін және 2050 жылы үздік экономикасы бар елдердің бірі болуы үшін Қазақстанға қазба отынтүрлеріне тәуелділікті азайтатын және экономиканың жаңа секторлары мен технолоигяларға инвестиция жасауды ұзақ уақыт мерзіміне ұлғайтуды қарастыратын өсу үлгісі қажет болады, – деп атап өтті Еуропа және Орталық Азия аймақтары бойынша Дүниежүзілік банк вице- президенті Анна Бьерде. –Біз «жасыл», өнімділікті арттыру және адамдар мен күнкөріс көзін арттыру мақсатында әлеуметтік бағыттандыруды жүзеге асыру үрдісінде Қазақстанмен әріптес болуға үміттіміз».

Баяндамада елдегі көміртегі шығындыларының 80%-нан астамын құрайтын энергетикалық секторды терең көміртексіздендіру ұсынылған. Себебі Қазақстан экономикасы толығымен дерлік қазба отын түрлеріне, әсіресе, көмір, газ бен мұнайға да тәуелді. Сонымен қатар, онда көмірді қолданудан бас тарту кезінде адамдардың қажеттіліктеріне бағытталу керектігі және ауыл шаруашылығын климаттық оңтайлы дамыту, су қорларын мұқият басқару керектігі туралы айтылады.

Сонымен қатар, баяндамада Қазақстанға өз мақсатына жетуге көмектесетін бағыттар белгіленген. Атап айтқанда, онда экономикалық реформалар мен инвестицияларды келесі басым бағыттарға құю ұсынылады:

  • Электр энергетикасы. Энергия жүйесін көміртексіздендіру басым маңызға ие, себебі электр энергиясын өндірудегі газ бен көмір үлесі қазіргі уақытта 90%-ды құрайды. Қайта жаңартылатын көздерді, әсіресе күн мен желді қолдану арқасында электр энергиясы өндірісінің күрт өсуі және энергияны сақтау технологияларының қарқынды дамуы – көмірді қолданудан бас тарту мен ғимараттар, көліктер мен өндіріс орындарының энерготиімділігінің жоғарылауымен бірге энергетикалық көшудің басым факторлары болып табылады.
  • Ауыл, су және жайылым шаруашылықтары. Температураның жоғарылауы және жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі егістік жерлер мен жайылымдардың біртіндеп азаюы мен кебуі үрдістерін ушықтыра түседі. Климаттың өзгеру салдарына бейімделудің кешенді жоспары ауылшаруашылық өндірістің климаттық оңтайландырылған әдістерін енгізуді қарастыруы қажет, мысалы, заманауи жылыжайларды қолдану және мал шаруашылығының неғұрлым тұрақты жүргізілуі, сонымен қатар, ескірген су жабдықтары жүйесін жаңарту мен заманауиландыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруы қажет.
  • Көмірді қолданудан бас тартуға әлеуметтік бағытта көшу. Павлодар және Қарағанды сияқты көмір өндіретін аймақтар және кеншілер қалалары мен ауылдары мүлдем басқа әлеуметтік-экономикалық болашаққа көшу үрдісі кезінде үлкен маңызды қиындықтарға тап болады. Біртіндеп көмірді қолданудан бас тарту ондай аймақтардың сала жұмысшыларының және халқының «әділ» көшуін қамтамасыз ететін шараларды талап етеді, ондай шара жұмыс орындарын қысқартуды және аз қамтылған үй шаруашылықтарының табысының төмендеуін азайту үшін және жаңа бағыттарда кәсіби қызметшілерді дайындауды ұйымдастыруды, шағын және орта кәсіпорындар үшін кәсіпкерлік мүмкіндіктерді дамыту және сол өндіріс орыдарында неғұрлым экологиялық әдістер мен технологияларды енгізуді, сонмен қатар, әйелдер мен жастардың қаржылық және экономикалық қызметтерге инклюзивті түрде қатысуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  • Қолайлы орта. Көміртексіздендіру инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру мақсатында кеңірек сипаттағы реформаларды қажет етеді. Олардың қатарына бәсекелестікті дамытуға, жеке сектордың белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін және қаржылық сектордың «жасыл» қаржыландыруға қатысуына мүмкіндік жасайтын реформалар кіреді.

Осы бағыттағы іс-әрекеттер Қазақстан көміртегі шығындылары көлемі бойынша әлемде жиырмасыншы орын алатын мемлекет ретінде өз бағытын толық өзгертуі үшін және 2030 жылға қарай булы газдарды шығаруды 15%-ға азайтуды және 2060-шы жылдарға қарай көміртекті тәуелсіздікке қол жеткізуді жүзеге асыруға тиіс негізгі өзгерістерге жатады.

«Қазақстанның табиғат көздерінен неғұрлым тәуелсіз экологиялық экономикаға көшуі – жеке капиталдың басым көлеміне жұмылдыру жасауды талап ететін өмірлік маңызды қадам. Ол іске асу үшін мемлекетке бірқатар шаралар қабылдауға тура келеді, – деп атап өтті IFC-дің Таяу Шығыс, Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан мен Пәкістандағы өңірлік Вице-президенті Хела Шейхроухи . – Мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту, кешенді климаттық саясатты әзірлеу, қаржылық секторды экологияландыру климаттық оңтайланырылған инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру инвестиция тартуға және шығындарды азайту траекториясына шығуға, климаттық тқұрақтылықты арттыруға көмектеседі».

Әрекетсіздік Қазақстан экономикасы үшін елеулі тәуекелдерге айналуы мүмкін. Атап айтқанда, егер елдер климат саласындағы өздерінің нысаналы көрсеткіштерін орындау үшін шаралар қабылдаса, уақыт өте келе қазақстандық мұнай мен газға сұраныс төмендейді. Сондай – ақ, Еуропалық Одақ (ЕО) әзірлеген көміртекті реттеудің трансшекаралық механизмі (ТШКР) сияқты жаһандық климаттық саясат шараларының нәтижесінде қазба энергия ресурстарының үлкен көлемін пайдалана отырып өндірілген тауарларға сұраныс төмендеуі мүмкін. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, ТШКР-ын енгізу нәтижесінде Қазақстанның экспорттық кірістерінің жыл сайынғы шығыны 250 млн АҚШ долларынан асуы мүмкін, бұл ретте темір мен болат өндірісі аса қауіпті жағдайда тұр. Мұнайды қамтитын ТШКР ауқымы одан әрі кеңейген жағдайда, бұл шығындар 1,5 трлн АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз