Жаңалықтар

Студенттер банктерден 2-3 пайызбен несие рәсімдей алады

Оқу ақысын төлеу үшін

Келесі жылдан бастап студенттер оқу ақысын төлеу үшін банктерден 2-3 пайызбен несие рәсімдей алады. Бұл туралы El.kz сайты хабарлады.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін  көрсеткіштер  бойынша жетілдіріледі. Аталған  тәсіл  грант бағасы жүйесіне (30%дан 100%-ға дейін)  дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға 2-3%-дық  жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр», – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.