Жаңалықтар

ДДСҰ: балаларды вакцинациялау қажет

Әсіресе пандемия кезінде жеткіншектер қажетті екпелерді алмаған

ЮНИСЕФ пен ДДСҰ балаларды міндетті вакциналаудың маңыздылығы туралы ескертеді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Биылғы жылдың алғашқы екі айында әлемде қызылшадан ауырғандар саны былтырмен салыстырғанда 79 пайызға өсті.

Әлем елдерінде, әсіресе Еуропада COVID-19 және маусымдық тұмау көбейіп келе жатқандықтан тұрғындар сақ болуы керек. Сондай-ақ балалар вакцина қажет ететін басқа аурулардан қорғанған жөн.

Соңғы жылдары, әсіресе пандемия кезінде жеткіншектер қажетті екпелерді алмаған. Жыл сайын 25 млн-ға жуық бала түрлі індеттерге қарсы егілмеген делінген мәлімдемеде. Олардың қатарында, қызылша және полиомиелит сияқты аурулар да бар.

Мұның себебін мамандар пандемиямен және жаһандағы қарулы қақтығыстармен байланыстырады.