АИ-95 маркалы бензинді елден заңсыз әкеткендер анықталды

Жарияланды
Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылды

Бензин мен дизель отынын экспорттаудағы контрабандалық арналарын жою шараларын Қаржылық мониторинг органдары жүзеге асырып жатыр.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен жалпы құны 54 млн теңге 165 тонна көлемінде елден заңсыз әкету фактісін анықтады.

Сондай-ақ, 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде сол компания ұсталды.

Жалпы, аталған компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген.

Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады.

Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды, бұрын сатылған бензиннің құны 54 млн теңге сотталғаннан мемлекет кірісіне өндірілді.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз