Сусиыр туристерге шабуыл жасап, бес адамды өлтіріп тастады
Жарияланды
Тағы екі турист ауыр жарақат алды
Камерунда Логон өзенінде сусиыр туристер мінген каноэге шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам қаза тапты, – деп хабарлайды Xinhua агенттігі.
Жергілікті билік жануардың қайықты аударып алғанын хабарлады. Оқиға орнынан құтқарушылар бес адамның мәйітін тапты. Тағы екі турист ауыр жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Камерун жабайы табиғатты қорғау қоғамының мәліметі бойынша, сусиыр шабуылы аймақта жиі кездеседі, әсіресе жаңбырлы маусымда олар өте агрессивті.