Көптеген адамдар шетелдерге саяхаттап, өзге ұлттардың мәдениеті мен қалалардың сәулетін көргісі келеді. Бірақ, алыс елге сапарды жоспарлағанда, сіз баратын ел туралы барлық қажет ақпаратты, өзіңізбен не алу керек екенін, сол елдің валютасы жайлы білген маңызды. Сонда сіздің жоспарланған демалысыңыз ойдағыдай өтеді.
Белгілі бір елге сапарға шықпас бұрын, дұрыс дайындалып, қажетті ақпаратты біліп алыңыз. Сіздің сапарыңыздың сәтті болуы туристік агенттікті дұрыс таңдауға байланысты. Өйткені ол тур, қонақүй, көрнекі жерлерді таңдауға көмектеседі. Әрине, туристік фирмалардың қызметі тегін емес. Бірақ, демалысты өздігінен ұйымдастыру өте күрделі және арзан болмайды. Сондықтан, туристік агенттікке хабарласу арқылы біз уақытты ғана емес, ақшаны да үнемдейміз.
Туристік агенттікті таңдағанда нені ескеру керек?
- Ең бастысы, сапалы және кәсіби қызметі бар сенімді компанияны табу қажет;
- Бағаларды салыстыру кезінде турдың көрсетілген құнына не кіретінін анықтап алыңыз;
- «Арзан баға» деп алданып қалмаңыз. Бұл бағаның ішіне не кіретінің білу үшін қажетті сұрақтарды қойыңыз;
Мысалы:
- Қандай көлікпен барамыз?
- Ұшу (тасымалдау) құны тур бағасына кіреді ме?
- Сапарда күніне неше рет тамақтанасыз?
- Қонақүй қанша жұлдызды? Бөлме қандай, онда теледидар, телефон, мини-бар, тоңазытқыш, ас үй жабдығы бар ма?
- Инфрақұрылым: бар, буфет, мейрамхана, сауна, бассейн, корт немесе бар ма?
Саяхатқа шыққан турист нені білуі қажет?
– Елдегі саяси жағдай (соғыс немесе кез келген қарулы қақтығыстар).
– Елдің экономикалық жағдайы, қонақ үй нөмірлерінің, кафелер мен мейрамханалардың бағасы, көлік түрлері және т.б.
– Климат ерекшеліктері (сіз әдетте жоғары немесе төмен температураға, ауаның ылғалдылығына немесе құрғақтығына шыдайсыз ба?).
– Қауіпті жануарлардың, өсімдіктердің немесе жәндіктердің тіршілік ету ортасы (сапар алдында екпе алу немесе жануарлар мен жәндіктердің шағуы немесе улы өсімдіктермен байланысы кезінде алғашқы көмек көрсету үшін өзіңізбен бірге қажетті препараттарды алу қажет болуы мүмкін).
– Елдің әдет-ғұрыптары мен ережелері.
– Баратын елдің кедендік ережелері туралы бәрін біліңіз.
– Ұшу алдында барлық құжаттардың көшірмелерін жасау қажет.
– Баратын еліңізде қандай пластикалық карталар, төлемге қабылданатынын біліңіз.
– Саяхатта, серуенде немесе экскурсияда әрқашан өзіңізбен бірге төлқұжатыңыздың көшірмесін, қонақүй картасын (сіз тұрған) және сақтандыру құжатын алып жүру маңызды.
– Қайда баратыныңызды (ел, қала, т.б.), кіммен, қайтқанда туыстарыңызға міндетті түрде айтыңыз. Сіз туыстарыңызға қонақүйлердің телефондары мен мекен-жайларын қалдыруыңыз керек.
– Жеке қауіпсіздігіңізді қадағалаңыз – басқа саяхатшыларға қажетсіз ештеңе айтпаңыз. Шамадан тыс ашықтық кейде зиян келтіруі мүмкін.
– Сергек болыңыз – жеке таксимен жүруден және бейтаныс адамдармен алкогольдік ішімдіктерді ішуден аулақ болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
– Саяхаттау кезінде тек бөтелкедегі суды ішіңіз (жарамдылық мерзімін тексеріңіз) және жергілікті тағамдардан сақ болыңыз.
– Құжаттардың жанында ақша ұстамаңыз. Төтенше жағдайда қонақүйге жету немесе ақылы телефон арқылы қоңырау шалу мүмкіндігі болуы үшін әртүрлі орындарда ақша ұстаңыз.
– Көшеде қымбат зергерлік бұйым сатып алмаңыз.
– Көп жиналатын адамдар мен орындардан аулақ болыңыз. Онда қалта ұрылары мен әртүрлі алаяқтар әрекет ете алады.
– Интрузивті адамдардан аулақ болыңыз. Олар алаяқ болуы да мүмкін.
– Жеке заттарыңызды мұқият қадағалаңыз.
Туристерге керек дәрілік заттар:
- Ауырсынуды басатын дәрілер (анальгин, цитрамон және т.б.).
- Ыстықты түсіретін дәрілер (парацетамол, аспирин және т.б.).
- Диарея мен іш қатуды емдеу құралдары.
- Суыққа қарсы дәрілер.
- Жараны емдеуге арналған сутегі (перекись)3%.
- Йод.
- Аммиак (естен тану кезіндегі алғашқы көмек үшін).
- Зеленка.
- Аллергияға қарсы препараттар.
- Стерильді және стерильді емес таңғыштар.
- Ас қорытуды қалыпқа келтіруге арналған дәрілер (белсендірілген көмір және т.б.).
Саяхат кезінде үнемдеу жолдары: 7 Лайфхак
1.Көрікті жерлерге жұмыс күндері бару арқылы кіру билетіне үнемдей аласыз. Демалыс күндері билет бағасы қымбаттау және адамдар өте көп.
2.Көптеген көрікті жерлерге өз бетінше жетуге болады, бірақ дайын тур әлде қайда арзан.
3.Егер баратын қалаңызда қоғамдық көлікті пайдаланбақ болсаңыз,билет құның алдын ала біліп алыңыз.
4. Египет, Түркия, Грекия немесе Таиландқа барғыңыз келсе, турпакетті туроператор арқылы рәсімдеген тиімді.
5.Болгария, Грекия, Түркия, Испания мен Тунис бағытына жазда барған дұрыс.