Қазақстанда 2022 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 299 782 теңгені құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 23%, нақты мәнде 5,8% құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы хабарлады.
Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.
«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді», – дейді Наталья Белоносова.
Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады. Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.
Қазақстан Республикасы бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2022 жылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгені құрады. 2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23,0%-ды, нақты мәнде – 5,8%-ды құрады. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады.
Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады. Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.
«Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді», – дейді Наталья Белоносова.
Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды. 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады. Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.
Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 39%. Ең төмен өсім Астана қаласында байқалды – 15,1%.