Жаңалықтар

Eurasian Resources Group Ақтөбе облысында арнайы жобаларды жүзеге асырып жатыр

Бұл жобаларға 3 млрд 286 млн теңге бағытталды

Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы өзара әріптестік туралы Меморандумға биыл қоғамдық орындарды абаттандыру, желілерді жөндеу, медициналық жабдықтар мен қоғамдық көліктерді сатып алулар енді. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға Топ 2022 жылы 3 млрд 286 млн теңге бағыттап отыр.

Тізімдегі жобалардың бірқатары бүгінде толық жүзеге асқан. Мәселен, Ақтөбе мен Хромтауда 106 млн теңгеге балалар және спортр алаңдары орнатылып, Дөң ауылындағы Білім аллеясы абаттандырылды. Облыс орталығындағы тасымалды жақсартуға 5 автобус беріліп, Хромтау қаласының көшелерін тазартуға 1 арнайы көлік сатып алынды. Кеншілер шаһарындағы №4 мектепке STEM-зертхана орнатылған. Ақтөбенің Жилгородок ықшам ауданы мен Жеңіс саябағын жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Меморандумда денсаулық сақтау мен білім беру мәселелеріне жеке көңіл бөлінген. Ақтөбедегі жедел жәрдем станциясы жыл соңына дейін заманауи қондырғылармен жабдықталады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті мен Хромтаудың тау-кен колледжінің материалдық техникалық базасын нығайтуға 80 млн теңге бағытталды. Келісімде ұстаздардың біліктілігін арттыруға септесер «ERG Mektepke» бағдарламасын жүзеге асыру мен жаңа «ERG колледждерге» бағдарламасын қолға алу көзделген.

  Біз «туған қалаларымыздың» әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру қамында жүйелі жұмысымызды жалғастыра береміз,- деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Бұл біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің негізі әрі қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерінің, жалпы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға күнделікті қосар үлесіміз. Бұл жолда тек осы өңір тұрғындарына өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырумен шектелмей, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал ету маңызды.

Бұған қоса Меморандумда моноқалаларда бастамалы бюджеттендіру бағытындағы «Tugan Qala» атты ERG-дің корпоративтік бастамасын қаржыландыру көзделген. Бұл – қала тұрғындары өздері бастама көтеріп, сарапшыларды жұмылдыра отырып өздері әзірлеген абаттандыру жобаларын іске асыру. Жүзеге асуға тиісті жобаны да, тұрғындар өздері дауыс беріп, өздері таңдады. Биылғы Меморандумға осылай қолдау тапқан Хромтау қаласындағы 11 абаттандыру жобасы енді. Олар жыл соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс. Бастамалардың жалпы бюджеті – 65 миллион теңге.

Осы орайда, ERG Ақтөбе облысы тұрғындарының өмір сапасын арттыру мен  шағын және орта бизнесті дамытуға қажетті жағдай жасауға ауқымды инвестиция құйып отырғанын айта кету керек. Қазан айында Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG тиісті Меморандум жасасқан. Келісім Хромтауда енді іс бастаған және тұрақты тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерді төмендетілген пайыздық үстемемен несиелендіруді қамтиды.

ERG кәсіпорындары қызметін бастағалы бері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі әрі тұрақты үлес қосып келеді.

Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге Eurasian Resources Group құйған (соның ішінде ERG және облыс әкімдіктерімен арадағы Меморанумдар аясында да) әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 1 млрд доллардан асты.