Жаңалықтар

Өсімпұлды қалай қайта есептеуге болады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндірді

  Мемлекеттік кірістер органдарына толық қайта есептеуден кейін өсімпұлды есепке жазу мәселесі бойынша салық төлеушілер жиі арызданады. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетінде өсімпұлдың толық қайта есептелуі қандай жағдайларда жүргізілетінін және мұндай есептеулердің негізділігін қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

      МКК ОБЖШ АЖ-де өсімпұл Салық кодексінің 117-бабына сәйкес операциялық күнді жапқаннан кейін күн сайын автоматты түрде есептеледі және ОБЖШ АЖ-нің деректер қорында көрсетіледі (ОБЖШ АЖ – «Орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар» ақпараттық жүйесі).

     Өсімпұлдың жеке шотта нақтылау «Жеке шоттан көшірме-үзінді», «Берешектің жоғы (бары) туралы мәліметтер» есептік нысандарды құру кезінде, сондай-ақ сыртқы ақпараттық жүйелерге (ІІМ, ЕжХӘҚМ, ЦДИжАӨМ және т.б.) олардың сұраулары бойынша берешектің бары немесе жоғы туралы хабарламалар жолданғанда жүргізіледі. Өсімпұлды нақтылауға сұраулар жоқ болған кезде, өсімпұл жеке шотта ОБЖШ АЖ-нен көрсетілмейді.

     Осыған байланысты, өсімпұлды нақтылау мақсатында ОБЖШ АЖ-де өсімпұлды толық қайта есептеу режимі қосылады, оның нәтижесінде жеке шотта өсімпұлды есепке жазу немесе кеміту жазбасы көрсетіледі (өсімпұлдың түзетілген сомасы).

    Толық қайта есептеу кезінде өсімпұл салық төлеушінің тіркеу есебі деректері бойынша орналасқан орнын өзгерту жағдайында жеке шоттарын беру кезінде, алдыңғы салықтық кезеңдер үшін табыс етілген қосымша салықтық есептіліктерді ескеріп, салықтарды (төлемдерді) төлеу мерзімі бойынша хронологиялық тәртіпте құрылған барлық операциялар бойынша бересі сомасына есептеледі. ОБЖШ АЖ республика бойынша бірыңғай деректер қоры бар орталықтандырылған жүйе болып табылады, сәйкесінше, өсімпұлдың толық қайта есептелуі барлық мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі.

    Өсімпұлдың толық қайта есептелу режимінде ОБЖШ АЖ-де, сондай-ақ МКК порталында Өсімпұлды есептеу калькуляторында жалпы анықтамалықтардағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескеріп, өсімпұлды есептеу бойынша бекітілген формула қолданылады. Бұл ретте, Калькуляторда өсімпұлды есептеу белгіленген кезең және берілген бересі сомасына жүргізіледі.

    Өсімпұлды толық қайта есептеу есебін жеке шоттарды жүргізу орны бойынша МКО-да алуға болады.

  Жаңа салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесін әзірлеу шеңберінде (СӘАЖ) абсолютті жеке шот әзірленді, онда өсімпұлды есептеу үшін операциялар салықтарды (төлемдерді) төлеу мерзімі бойынша хронологиялық тәртіпте құрылатын болады, аталған жеке шот салық төлеушілерге жеке шоттардағы операцияларды салыстырып тексеру, қарау және өсімпұлды есептеу үшін қол жетімді болады.