Lego 2023 жылы Қытайда 80 дүкен ашуды жоспарлап отыр
Lego 2023 жылы Қытайда 80 бөлшек сауда дүкенін ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның өнім және маркетинг жөніндегі жаһандық директоры Джулия Голдин Синьхуа ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Қытай – біз үшін өте, өте маңызды нарық. Біз әлі де үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Біз соңғы жылдары инвестиция салып, бизнесімізді кеңейттік. Қытайда тұтынушылармен жақсы байланыс орнаттық және біз осы жолды жалғастырамыз», – деді Голдин.
Қытайдағы лего сатылымы 2021 жылы 27%-ға өсті. Өткен жылы компания ашқан 165 дүкеннің 90-нан астамы Қытайда ашылған.
«Біз негізгі нарықтарымызда жаһандық кеңеюге арналған жоспарымызды жалғастырамыз, бұл ретте Қытай біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып табылады», – деді компания өкілі.
Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 105 қалада 380 Lego дүкені бар.