Мұнайдың қымбаттауы мен теңгенің нығаюы экономиканың өсуіне ықпал етуі екіталай

Жарияланды
Қаржы нарығының кәсіби өкілдері осындай тұжырым жасап отыр

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы талдау орталығының 2022 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалнамасында қаржы нарығының кәсіби қатысушылары осындай тұжырым жасайды.

Зерттеуде қаржы нарығының кәсіби өкілдері, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелері қызметкерлерінің:

  1. Brent маркалы мұнайдың құны;
  2. Ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны;
  3. Қазақстандық теңгеге қарсы АҚШ долларының құны;
  4. Инфляция;
  5. ЖІӨ;
  6. ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі сынды негізгі индикаторларға қатысты сұрақтарға жауабы берілген.

Сарапшылар не дейді?

Елдегі қымбатшылыққа қарсы шаралардың нәтижелі болмауы (инфляция қазан айында 18,8%-ға дейін өсті) бір жылдан кейінгі инфляция болжамының 13,9%-ға (бұрын 12,9%) дейін нашарлауына әкеледі.

Базалық мөлшерлемеге қатысты сарапшылар пікірі екіге бөлінген: 52%-ы ҚРҰБ желтоқсан отырысында (16,0%–ы) қазіргі деңгейде сақтайды десе, ал 48%-ы мөлшерлеме 16,5-17,0%-ға дейін көтеріледі деп күтеді.

Сарапшыла бір жағынан, Ұлттық Банк инфляциялық тәуекелдердің жай -күйіне сүйене отырып, базалық мөлшерлемені әлі де көтеруі мүмкін екенін, ал екінші жағынан, экономикалық өсімнің баялау келе жатқанын ескеріп, басқа қадамға баруы мүмкін деп болжайды.

ҰЭМ дерегі бойынша, қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасы 2,8%-ға өскен (ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 3,6%). Сонымен қатар, іскерлік белсенділіктің баяулауы негізінен тау-кен саласында байқалады. Осыған байланысты сарапшылар мұнай бағасы өсуі мүмкін екенін ескере отырып, экономиканың өсімі бір жыл ішінде 2,7%-ға (бір ай бұрын 3,2%) дейін одан әрі төмендеуін кұтіп отыр.

Қаржы нарығы сарапшыларының пікірінше, мұнай бағасы 2023 жылдың соңына қарай барреліне 102,4 долларға дейін көтерілуі мүмкін. Қазір ол 98,6 доллардан саудаланып жатыр. Мұндай болжамдар, ОПЕК+-тің өндіріс көлемін азайту жөніндегі жедел әрекеттерінен, Ресей Федерациясынан мұнай бағасының «шегі» туралы талқылауынан, сондай-ақ ҚХР-дағы қатаң ковидтік шектеулердің жойылуынан туындауы мүмкін.

Ұлттық валюта бағамына келер болсақ, мұнай бағасының ықтимал өсуі, сондай-ақ ҚРҰБ-ның қазан айындағы отырысында базалық мөлшерлеме айтарлықтай көтерілгеннен кейін, дамыған елдермен пайыздық мөлшерлемелер дифференциалының тарылуы теңгеге оң әсер етуі мүмкін.

Желтоқсан айының басына USDKZT жұбы бойынша орташа бағам бір доллар үшін 469,5 теңге деңгейінде болжанады (ағымдағы 464,49), ал бір жылдан кейін 490,0 (496,4 бұрын) болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз