Биыл елмізде ағаш отыны 11,7%-ға қымбаттады

Жарияланды
Қазақстан өңірлерінде ағаш отыны қанша тұрады?

Қазақстан бойынша 2022 жылғы қазанда отынның бір текше метрінің орташа бағасы 8 858 теңгені құрады.Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда отын 11,7%-ға қымбаттаған.

Өңірлердегі отынның бағасы 6-16 мың теңге аралығында. Осылайша, ең қымбат қатты отын Астана қаласында – 15 492 тг, сондай-ақ қымбаттығы жағынан үштікке Көкшетау (11 067 тг) мен Өскемен (10 532 тг) қалалары кіреді.

Ағаш отынын 8-9 мың теңге шегінде Шымкент (8 000 тг), Тараз (9 099 тг), Қарағанды (8 880 тг), Жезқазған (8 485 тг) және Петропавл (8 658 тг) қалаларында сатып алуға болады.

Отынның ең төменгі бағасы Орал қаласында тіркелген – 6 000 тг/м3.

Сондай-ақ оқыңыз