Цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Жарияланды
Электрондық құжатты тек Қазақстан азаматтары ғана қолдана алады

EGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «ҚР азаматының паспорты» қолжетімді. Электрондық құжатты тек Қазақстан азаматтары ғана қолдана алады. Бұл туралы «ҰАТ» АҚҚоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.

Цифрлық паспортты eGov mobile қосымшасында жеке куәлікке ұқсас сәйкестендіру үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта «ҚР азаматының паспорты» цифрлық құжатын Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Цифрлық құжатта қате мәліметтер анықталған жағдайда «қате туралы хабарлау» батырмасын басу арқылы тиісті мемлекеттік органға e-Otinish арқылы өтініш беруге болады.

«Цифрлық құжаттар» сервисі eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфонда цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық паспорт пайдаланушылардың көптеген сұраныстары бойынша жүзеге асырылды. Жаңа құжатты цифрлық жеке куәлікпен тең дәрежеде пайдалануға рұқсат етіледі. Мәселен, егер сіз жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, цифрлық паспортты балама құжат ретінде пайдалануға болады»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Сондай-ақ оқыңыз