Қоғам

Декретте отырған анаға қандай бизнес ашуға болады?

Қазіргі таңда сұранысқа ие алты кәсіпті ұсынамыз

Декреттік демалыста кәсіп бастап отырған  әйелдер саны артып жатыр. Заманауи әйелдер дамып, өз кәсібін ашып, жоспарларын жүзеге асырғысы келеді. Бұл үшін қолайлы уақыттың бірі–декреттік демалыс. Дәл декреттік демалыста көптеген әйел бұған дейін уақыты мен күші жетпейтін жұмыстармен айналысы бастайды. Сонымен қатар, бұл кәсіп арқылы үйде отырған аналар қомақты қаржы таба алады.

Бүгінгі мақалада декретте отырған аналарға қандай кәсіп ашуға болатыны жайлы кеңес ұсынамыз.

1. Қолдан жасалған тәттілер

Тәттіл сату – өзіңізді немесе жақындарыңызды қуантудың ең оңай және қолжетімді тәсілі. Сондықтан шоколад пен тәттілерге сұраныс қашанда бар. Ал соңғы жылдары сатып алушылар табиғи қолдан жасалған бұйымдарды ұнатады. Оның құрамында зауыттық өнімдерге қарағанда консерванттар аз.

Қолдан жасалған шоколад бизнесі– сүйікті хоббиіңізбен ақша табудың нақты мүмкіндігі. Егер сіз тәтті пісіруді ұнатсаңыз, оны отбасыңызбен және достарыңызбен бөлісіп қана қоймай, оларды сатылымға шығара аласыз.

Шоколад өнімдерін жасаудың артықшылықтары бар:

  • рентабельділік – өндірістің күрделілігіне байланысты маржаны 300% дейін көтеруге болады;
  • шағын инвестициялар – қолдан жасалған шоколадты өндіру бойынша бизнес-жоспар тек шикізат пен қалыптарды сатып алуды қамтиды;
  • сұраныс – эксклюзивті шоколадтар сыйлық ретінде танымал, ал мереке күндері тапсырыстар саны тек өседі;

2.Қолдан жасалған балауыз шамдар

Кез келген хобби тұрақты табыс әкелетін толыққанды бизнеске айналуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпкер табыс тауып қана қоймай, өзіне ұнаған ісімен айналыса алады, өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырады.

Осы шығармашылық кәсіптің бірі- қолдан жасалған балауыз шам бизнесі болып табылады. Сауатты тәсілмен оны ірі кәсіпорын деңгейіне дейін дамытуға болады.

Балауыз шам бизнесі- үйде отырып кәсіпті бастау мүмкіндігі. Бұл арнайы жабдықты немесе қымбат материалдарды қажет етпейді, сондықтан сіз ең аз инвестициямен бастай аласыз.

 Балауыш шам жасау бизнесі бірнеше артықшылықтарға ие:

–  қажетті шикізаттың құны төмен;

– арнайы дағдыларды қажет етпейтін қарапайым технология;

– өнімдерді жасау және сақтау үшін кез келген бөлмені пайдалану мүмкіндігі болады;

  • 3.Тырнақ жасау (маникюр) бизнесі:

Маникюр – сұлулық индустриясындағы ең сұранысқа ие қызметтердің бірі. Сондай-ақ, маникюр – бұл маусымдық факторға байланысты емес қызмет. Үйдегі маникюрдің артықшылығы – сұлулық салонындағы ұқсас қызметке қарағанда, оның бағасы төмен болады. Сондықтан клиенттер саны көп болады. Бұл үшін мекемені жалға алудың қажеті жоқ болғандықтан табыс толықтай өзіңізге түседі.

 Тырнақ жасау кәсібінің артықшылықтары:

– Бұл бизнес жыл мезгіліне қармайды

– Сұраныс әрқашан жақсы

– Құрал-жабдықтарды ұзақ уақыт пайдалануға болады

4. Фуд-флористика кәсібі

Фуд-флористика – жеуге жарамды ингредиенттерден гүл шоқтары мен себеттер жасау. Мұндай композицияның құрамына тек жеміс-жидектер ғана емес, көкөніс, шұжық, ірімшік тәтті және тіпті сусындар кіруі мүмкін.

– Қолдан жасалған өнім бағасы айтарлықтай жоғары;

– Дайын өнім 1 ай көлемінде бұзылмайды;

– Үйде отырып жасауға болады;

– Аз қаражатпен бастауға болады;

5. Үй жағдайында жартылай фабрикаттарды дайындау кәсібі

Тамақ дайындауды ұнатпайтын немесе мүлдем білмейтін адамдар адасында жартылай фабрикаттар сұранысқа ие. Оның ішінде: тұшпара, манты, бәліш және т.б. бар.

Өндірілген жартылай фабрикаттарды 3 негізгі арна арқылы сатуға болады:

– Мұздатылған және салқындатылған жартылай фабрикаттарды бөлшек сауда нүктелеріне сату. Олар сатылған өнімнің шамамен 50% құрайды. Мысалы, супермаркеттер мен дүкендер;

 – Тікелей жеке сатып алушыларға өткізу;

 – Тамақтандыру орындарына (фаст-фуд, бистро, барлар, кафелер, асханалар) өткізу.

6. Шар бизнесі

Мерекелік кештерді шармен безендіру қазіргі уақытта сәнге айналды.  Әртүрлі форматтағы мерекелерге тапсырыс қабылдауға болады. Оның ішінде туған күн, ұзату, үйлену тойы және мекеменің ашылу салтанаты. Безендіру қызметіне шар, баннер, тойбастарды ұсынуға болады.

– Аз қаржымен бастауға болады;

– үйде отырып істеуге болады;

– арнайы дағдыларды қажет етпейтін қарапайым технология;

–  жасаған бір баннерді бірнеше рет жалға беруге болады;

Декреттегі уақытын тиімді пайдаланып бизнес ашқан кәсіпкер аналар:

Аяулым Нұрмахан:

«Фуд-флористика – декреттегі аналар үшін таптырмас бизнес. Декретте отырған кезде артық қаражатым болмағандықтан, қайынағама  туған күніне өз қолымнан нәскиден букет жасап сыйладым. Жасаған сыйлығым, туысқандарыма ұнады. Сол кезде, неге осы саланы  бастамасқа деп шешім қабылдадым. Сөйтіп, қалтамдағы бар 5 мың теңгемен кәсіпті бастап кеттім. Ал қазір 5000 теңгемен бастаған кәсібім, қазіргі уақытта айына 5 млн теңге табыс әкеліп тұр».

Атымтай Ырысгүл: «Декретте отырып 230 мың теңгемен бастаған кәсіп, қазіргі таңда маған айына 500 мыңнан жоғары қаражат әкеліп тұр. Кәсіп бастау үшін көп қаражат керек деп ойлайды. Барлығы адамның өзіне байланысты. Қолдағы бар қаражатпен кәсіп бастауға болады. Бастысы еңбек пен шыдамдылық керек. Қателесуден қорықпау қажет. Бәрі тәжірибемен келеді».

Бейсенбинова Айдана:

«Екі айлық баламен сұлулық салонын аштым. Қазіргі уақытта тұрақты табысым 1 млн 200 мың теңге. Тіпті бұл кәсіп декретте отырған аналар үшін таптырмайтын жұмыс. Бұл жұмысты үйде отырып та, салон ашып та, клиенттін үйіне барып та істеуге болады. Барлығы адамның өзіне байланысты. Мен үшін ең бастысы өзім үшін жұмыс істеп жүрмін. Ешкімге тәуелді болмайсын. Таза жұмыс. Бір орында байланып отырмайсын. Қосымша тірліктерін болса, істеп жүре бересің. Адал жұмыс істеген адам әрқашан жетістікке жетеді».

Алтын Дильжанова: 

«Декреттегі уақытты тиімді пайдаланып ауылдық жерде-фаст-фуд орталығын аштым. Айлық табысым 500 мың теңгеден асады. Бұл кәсіпті мен тек ақша табу үшін емес, декреттегі уақытымды тиімді, әрі тұрып жатқан ауылымның дамуына үлесімді қосқым келеді. Мен қазіргі уақытта бұл кәсіптен қатты пайда таппасам да, бұл жұмысымды әрі қарай жалғастыра беремін. Аз қаражатпен де, керемет кәсіп ашуға болады. Тек еңбек пен шыдамдылық қажет».