Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7 %-ға өсті.Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жылдық мәнде олар 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайыздық тармаққа жоғары.
Өткен апта ішінде арзандады:
Сәбіз – 0,7%
Қант – 0,2%
Өткен апта ішінде қымбаттады:
Жұмыртқа, І санат – 1,6%
Пияз – 0,7%
Орамжапырақ – 0,6%
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы
2022 жылғы 8 қарашаға:
Рожки – 294 тг/кг
Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг
Айран 2,5% – 349 тг/литр
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді