Маск Twitter-дің қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеуге тыйым салды

Жарияланды
Маск компанияда жаңа ережелер енгізуде

Миллиардер Илон Маск екі апта бұрын сатып алған Twitter Inc компаниясының қызметкерлеріне кеңселерге оралатынын хабарлады.

Макроэкономикалық болжам нашарлап барады және бұл Twitter сияқты жарнамадан түсетін табысқа тәуелді компанияға әсер етпеуі мүмкін емес, – деді Маск Bloomberg көрген хатында. Осыған байланысты бизнесмен жалпы кірістегі пайдаланушы төлемдерінің үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Маск Twitter қызметкерлері кеңселерде аптасына кемінде 40 сағат жұмыс істейтін жаңа ереже енгізді.

Бұған дейін Twitter қызметкерлері кез келген жерден – кеңседен, үйден, тіпті басқа елден де жұмыс істей алатын.

«Алда бізді қиын жол күтіп тұр және табысқа жету үшін көп жұмыс істеу керек», – деп жазды Маск.

Сондай-ақ оқыңыз