2022 жылғы қазанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 34 336 құрады, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 980 және пәтерлер бойынша 26 356. 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда (36 241) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,8%-ға кеміді. Мәмілелер саны бойынша бұрынғыдай Алматы (7 133 немесе жалпы санынан 20,7%) мен Астана (5 670 немесе жалпы санынан 16,5%) қалалары көш бастап тұр. Алып сатудың ең аз саны Ұлытау облысында – 322 (жалпы көлемнен 0,9%).
Қыркүйек айымен салыстырғанда ең көп өсім қазан айында Алматы қ. (12,5%), Батыс Қазақстан (9,3%) және Қостанай облыстарында (7,1%) тіркелді. Бір айдағы ең үлкен төмендеу Қызылорда (-36,7%) және Түркістан (-17,2%) облыстарында болды.
2022 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі алып-сату келісімдерінің саны 980-ге азайды. Дегенмен, жеке үйлерге қарағанда пәтерлерге сұраныс көп, қазан айында барлығы 26 356 пәтер сатылды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,8%. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер қатарынан үшінші ай сұраныста қалып отыр. Қазан айында бір бөлмелі 10 515 пәтер ресімделді, сауданың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (жиынтық үлесі – 55,4%), 2 бөлмелі пәтер бойынша 9 294 мәміле жасалды.
2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелерінің саны Солтүстік Қазақстан облысы (+5) мен Қостанай (+50) облыстарында ғана өсті, қалған барлық өңірде төмендеу байқалады.
2021 жылғы қазанмен салыстырғанда мәмілелер саны 22,8% -ға азайды. Ең үлкен төмендеу Шығыс Қазақстан облысында байқалды (-56,1%), теріс көрсеткіш Алматы қаласынан өзге барлық өңірде тіркелді, Алматы шаһарында мәмілелер саны өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда, керісінше, 9,1%-ға өскен.