Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі өтеді

Жарияланды
Конгресс аясында «Цифрлық теңге» жобасы таныстырылады

2022 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі өтеді. Бұл іс-шараны Қазақстан Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырады. 

Дәстүр бойынша, Қаржыгерлер Конгресі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қаржы секторы мен макроэкономикалық саясаттағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқыға салатын негізгі диалог алаңы болып табылады.

Бұл жолы қатысушылар экономиканы несиелендірудегі жүйелі тәсілдер, қаржылық және нақты сектордың өзара әрекеттесуі, сақтандыру нарығын дамыту, қаржылық қолжетімділікке цифрлық тәсіл, сондай-ақ қор нарығындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер секілді тақырыптарды қарастырады. Сондай-ақ, Конгресс аясында «Цифрлық теңге» жобасы таныстырылады.

Сондай-ақ оқыңыз