Ішкі істер министрлігі елімізге тұрақты тұруға өтініш берген этникалық қазақтар санын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биылғы жылғы 1 наурыздан 1 қарашаға дейін тұрақты тұруға ықтиярхат 3999 этникалық қазаққа берілген. Олардың көбі Өзбекстаннан көшіп келген – 2267 адам. Екінші орында Ресей тұр, Ресейден 773 адам келген. Одан кейін – Моңғолия (328), ҚХР (297), Түрікменстан (172), Қырғызстан (39).
Шымкентке 785, Түркістан облысына 715, Астанаға 702, Маңғыстауға 608, Алматы облысына 526, Алматыға 326 адам қоныстанған.
ІІМ мәліметі бойынша, мобилизация басталғаннан бері Қазақстанға 200 мыңнан аса Ресей азаматы келген.