Қазақстан қыста электр энергиясы тапшылығын сезінуі мүмкін
«KEGOC» АҚ мәліметі бойынша, биыл қыркүйекте еліміздің электр станциялары 8,52 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірген (былтырғыдан 3% аз). Ал тұтыну көлемі 8,54 млрд кВт·сағ құраған, яғни өндірілген электр энергиясы тұтыну көлеміне 0,2% жетпей қалған. Елімізде электр энергиясының тапшылығына қатысты бұл жағдай биыл мамырдан бері ай сайын байқалып келеді, деп жазады ranking.kz.
Жалпы, биыл тоғыз айда 82,2 млрд кВт·сағ элекст энрегиясы өндіріліген. бұл бір жыл бұрынғы көлемнен 2% аз. Ал тұтыну көлемі шамамен бірдей. Осы кезеңде тұтыну көлемі өндірістен асып түсті Айырмашылық әзірге 0,03% ғана болғанымен, бұл жағымсыз үрдістің басы болуы мүмкін.
Биылғы үш тоқсан қорытындысы бойынша, Қазақстанның бкіл өңірлері арасында тек екеуі – Павлодар және Атырау облыстары энергия профицитіне ие. Еліміздің өзге өңірлерінде энергия тапшылығы бар. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр осы кезеңде үш облыс электр энергиясы профицитін көрсеткен.
Жағдайдың ушығуы мүмкін екені, энергия тапшылығы қаупі төніп тұрғаны көптен бері айтылып келеді. Мәселен, былтыр Мемлекет басшысы жолдауда:
«Көмір дәуірінің бірте-бірте аяқталуымен жаңартылатын көздерден басқа, біз сенімді негізгі энергия өндіру көздері туралы ойлануымыз керек. 2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы болады. Әлемдік тәжірибе одан шығудың ең оңтайлы жолын ұсынады – бұл бейбіт атом. Мәселе оңай емес, сондықтан оны шешуге ешқандай да бөтен ойсыз, эмоциясыз, рационалды қарауымыз керек. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры жыл ішінде Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуі керек. «Жасыл» сутегі, жалпы сутегі энергиясын өндіру де келешегі зор сала», деді.
Биыл президент тапшылық туралы тағы да айтып, «KEGOC» АҚ алдағы жылыту маусымында тапшылық 1,5 млрд кВт·сағ жетуі мүмкін екенін және қазақстандықтар қыста электр қуатынсыз қалмас үшін электр қуатының шекаралас мемлекеттерден импортталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Республиканың электр энергиясы қауіпсіздігіне басқалармен қатар. «ақ» майнерлер де, «сұр» майнерлер де теріс әсер етіп жатыр. Майнерлердің электр қуаты тапшылығын туындатып отырғанын мемлекеттік органдар бірнеше рет айтқан.
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен брифингте 2021 жылғы электр энергиясы тапшылығы отандық энергия көздерінен ескірген құрал-жабдықтарды апатты түрде кәдеге жарату жағдайларының жиі болуының салдары екенін айтты. Негізгі қорлардың ескіруі және баяу жаңартылуы қазіргі энергетикалық дағдарысқа алып келген жүйелі проблема: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апатты жағдайлар қатары 22%, ал олардың ұзақтығы 16% өскен. Өнеркәсіптік қуаттардың тозуы бүгінде шамамен 60%-ды құрайды.
Бұл ретте премьер-министр Әлихан Смайылов қазан айындағы үкімет отырысында өңірлік электр желілерінің тозу деңгейі 65%-ға жуықтап тұрғандықтан, энергетика инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешу қажетін атап өтті. Еей қалаларда жылу электр орталықтары жабдықтарының 80%-ы тозып тұр. Электр станциялары мен қазандықтардың жабдықтарын жаңғырту, желілерді қайта құру қажет. Сонымен қатар, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін 2035 жылға қарай 10 ГВт-тан астам жаңа энергетикалық қуат қажет.
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев 2035 жылға қарай электр энергиясына деген қажеттілік 27 ГВт жететінін айтқан.
Бүгінде «Самұрық-Қазына» 2023 жылға дейін электр энергетикасы саласында жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн теңгені құрайтын 6 басым жобаны жүзеге асырып жатыр. Жалпы сомасы 9 трлн теңгеден астам 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атом электр станцияларын салу ұзақ уақытын алатынын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғы салу қажет болады. Екібастұз энергетика орталығында қуаты шамамен 1,2 мың МВт болатын жаңа ГРЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр.