Елімізде биыл балалар киімі 17,2% қымбаттады
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Ең көп қымбаттаған өңір елорда: бір жылда бірден 25%. Одан кейін Қызылорда (19,8% қымбаттады) және Ақмола (19% қымбаттады) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Ақтөбе облысы: «бар болғаны» 9,7%.
Бір жылда ерлер киімі 14%, әйелдер киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттады.
Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,7% артық.
Киім ең көп шығарылған өңір Шымкент: 7,4 млрд теңге, бір жылда 44% көбейді. Одан кейін Алматы (6,9 млрд теңге, 15,2% көбейді) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, 48,6% азайды).
Биылғы қаңтар–тамыз айларында ҚР-ға жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталды.
Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% аз. Мұнда Өзбекстан Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды: 10,2 мың тонна, 5,4% азайған.
ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай мен Түркия болды: тиісінше 39,3 мың және 12 мың тонна.