Жаңалықтар

ҚР-дағы цифрлық таңбалау үрдістері оңтайландырылды

11 қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Бірыңғай оператор аралық нәтижелермен бөлісіп, жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың өкілдеріне кәсіпкерлер үшін цифрлық таңбалау жүйесін жақсарту жөніндегі жоспарларды, сондай-ақ, тауарларды таңбалау процестерін қамтамасыз ету үшін шағын және микробизнесті қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету үшін «пакеттік ұсыныстарды» көрсетті. 

Отырыс барысында ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация хаттамаға сәйкес тапсырмалардың орындалу барысымен танысты.

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы жанындағы жобалау офисінің басқарушы директоры Алмат Исмаилов баяндама жасап, кәсіпкерлердің өздері айтқан мәселелердің қалай шешілетінін көрсетті, сондай-ақ, барлық тауар топтары бойынша жасалынған жұмыс мәртебесін атап өтті. 

Атап айтқанда, аяқ киім өнімдерін импорттаушылар мен өндірушілер үшін таңбалау жүйесіндегі жұмыс бойынша техникалық шешімдер көрсетілді. Бұған дейін аяқ киім бизнесінің өкілдері таңбалау жүйесінің техникалық ерекшеліктеріне наразылық білдірді, осыған байланысты Бірыңғай оператор кәсіпкерлермен жүйелі кездесулер өткізеді және осы мәселелерді шешу мақсатында жұмыс жүргізуде. Мысалы, қазір таңбалаумен жұмыс істеу үшін каталогқа аяқ киім атауларын енгізу жүйесі жеңілдетілуде.  

«Біз процестерді оңтайландыру бойынша келесі жұмыстарды жүргіздік:  тауар түрлерін біріктіру функциясын қосып, осылайша пайдаланушыны тауардың 100 түрін таңдау қажеттілігінен босаттық. Сондай-ақ, біз алдыңғы құжаттарға негізделген деректерді автоматты түрде толтыруды қамтамасыз еттік, яғни бірдей деректерді бірнеше рет толтырмау үшін деректерді автоматтандыру жұмыстарын жүргіздік, жүйе енді енгізілген деректерді есте сақтайды, пайдаланушыға оны бірнеше рет енгізудің қажеті жоқ. Инвойс негізінде бақылау құжаттарына келетін болсақ: біз жүйенің тәсілі мен логикасын толығымен өзгерттік. Осы инвойс негізінде импорттаушы таңбалауда электрондық құжаттарды жазады. Іске асыру мерзімі – 18 қараша», – деп бөлісті Алмат Исмаилов.

Оның ішінде дәрілік заттарды қадағалау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесуде «өндіруші – дистрибьютор – дәріхана» бағыты бойынша айналымға қатысушылар арасында қабылдау және беру актісінің қозғалысы мысалында жүйенің техникалық дайындығы көрсетілді.  

Сонымен қатар Бірыңғай оператор барлық таңбалау процестері, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп, қойма қызметтері және несие және бөліп төлеу сияқты банк құралдары бір қарапайым және қолжетімді жүйеге біріктірілетін пакеттелген бизнес-шешім әзірлеу бойынша алғашқы нәтижелерді көрсетті.

ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация өкілдері сұрақтар қойып, Бірыңғай оператор жұмысындағы орындалатын бірқатар міндеттерді қалыптастырды.   

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта бизнестің түсініктемелерін ескере отырып, цифрлық таңбалау жүйесін оңайлату және жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай оператор процесті бизнес үшін барынша ыңғайлы және бейімделгіш ету үшін Қазақстанның АТ-қауымдастығын цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды. Қазіргі уақытта
АТ-компанияларымен кездесулер өткізілуде және жүйелерді интеграциялау жоспарлары пысықталуда.