Түркия АҚШ-тың көңіл айту жеделхатын қабылдамады

Жарияланды
Ланкес Грекияға қашпақ болған

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу АҚШ-тың Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке көңіл айтып жіберген жеделхатына өткір пікір білдірді, – деп хабарлайды Анадолы сайты.

«Біз шабуылдың қай жерде үйлестірілгенін білеміз. Бізге жіберілген хабарламаны алдық, бірақ Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасаған емеспіз, сондықтан мұндай арамзалыққа бұдан былай төзімділік танытпаймыз. Истикляль көшесі – біздің аяулы орнымыз. Егер шабуылдаушыны ұстамағанымызда, ол бүгін Грекияға қашып кетер еді», – деді министр CNN Türk арнасына берген сұхбатында.

Сойлудың айтуынша, шабуыл Сирияның Кобани ауданында орналасқан күрд террористік ұйымының «тапсырмасы» бойынша жүзеге асырылған. Жарылыс ұйымдастырушы жауап алу кезінде ұйым басшылары Сирия арқылы Түркияға заңсыз жолмен жібергенін мойындаған.

Сондай-ақ оқыңыз