Әжесі полицияға 3 айлық немересін алып кетуді сұрады
15 қарашада Петропавл қ. Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесіне қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны 3 айлық немересінің тағдырын шешуде көмек сұрап жүгінгені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары хабарлады.
Оның айтуынша, баланың 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан өзінен баланы алып кетуді сұраған.
Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасына орналастырылды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтауда. Оған қатысты ата-ана міндетін тиісті орындамау туралы мәселені комиссиялық жолмен қарау арқылы әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.