Қырғызстанда шетелдіктерді медициналық сақтандыруға міндеттемек

Жарияланды
Жұмыс істейтін шетелдіктер үшін құжат полисі 18 104 сом тұрады

Қырғызстанда шетелдік азаматтар да медициналық сақтандыруға міндетті болады. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жарқынбек Қасымбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, жұмыс істейтін шетелдіктер үшін құжат полисі 18 104 сом тұрады.

«Студенттер келісімшарттың 10 пайызын төлейді», – дейді Жарқынбек Қасымбеков.

Оның айтуынша, Қырғызстанда 4,6 миллион адам медициналық сақтандыруға ие. Оның 67 пайызы жәрдемақы алушылар, 18 пайызы жұмыс істейтін азаматтар.

Сондай-ақ оқыңыз